Заң мен тәртіп – қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі. Құқықтық мемлекет құрудың негізі – заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және әр адамның өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы.
Заң алдында барлық азамат тең. Қоғамдағы өзара сыйластық пен тәртіп әрбір адамның заң талаптарын орындауынан басталады. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу – маңызды бағыттардың бірі.
«Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен құқық бұзушылыққа жол бермеуге, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және азаматтардың заңға деген құрметін арттыруға бағытталған. Бұл ретте құқық қорғау органдарымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың және тұрғындардың бірлескен жұмысы маңызды.



