2026 жылғы 02-04 қыркүйек аралығында Қызылқоға ауданы аумағында «Қауіпсіз отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету.
Шара барысында полиция қызметкерлері білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының мамандарымен бірлесіп, мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады.
Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтар тексеріліп, тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Полиция қызметкерлері азаматтарды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы уақтылы хабарлауға шақырады. Әрбір өтініш міндетті түрде қаралып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
А.Шәкірова,
Қызылқоға АПБ ОТЗЗҚКТ аға инспекторы полиция майоры



