Таяуда аудандық ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы болып өтті.
Ондағы мақсат - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, отбасылық құндылықтар мен сыйластық қағидаттарын насихаттау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, ішкі істер органдарына деген қоғам сенімін арттыру.
Республика аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балаларды қолдау және қорғау тетіктерін жандандыруға бағытталған ауқымды акция нәтижелі өтті деп есептеймін. Отбасы – махаббат пен қауіпсіздік мекені. Ендеше, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қауіпсіз қоғам құрайық!
Нұрсәуле Жауынбаева




