Қоғам қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Қызылқоға ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау маңызды бағыттардың бірі болып саналады.
Қауіпсіз ортаны қалыптастыру үшін құқық қорғау органдары мен тұрғындар арасында өзара байланыс болуы қажет. Әсіресе жастарға заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпарат беру маңызды. Әр азаматтың тәртіпке жауапкершілікпен қарауы – қауіпсіз қоғам құрудың негізгі шарты.




