Еліміздегі құқықтық нормалар мен қағидаларды сақтау әділетті қоғам орнатудың негізі болып табылады. Қоғамда заң мен тәртіп қатаң сақталғанда ғана азаматтардың құқықтары қорғалып, әлеуметтік әділдік орнайды.
Өйткені заң әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әр азаматтың рөлі ерекше. Заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау, жол қозғалысы ережелерін орындау және өзгенің құқығына құрметпен қарау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі шарттары. Сондықтан әр адам өз құқығын қорғап, заңды өзгеден талап етсе, қоғамда тәртіп орнайды.
Сержан ШАУКЕРОВ,
учаскелік полиция инспекторы




