2026 жылдың 26–29 наурыз аралығында аудан аумағында «Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек көрсету. Осы кезеңде полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық мәдениетті арттыруға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Егер сіз: - отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз; - тұрмыстық жанжалдардың куәсі болсаңыз; үнсіз қалмай, міндетті түрде тиісті органдарға хабарласыңыз. Сіздің бір қоңырауыңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
📞 Сенім телефондары: 111, 📞 Полиция: 102 Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің міндетіміз! Қызылқоға АПБ ОТЗЗҚКТ ӘЗЗҚ инспекторы полиция аға лейтенанты А.Жұмабай


