Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» – ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА

Қызылқоға ауданы көлемінде 2026 жылдың 5 қазаны мен 5 қарашасы аралығында «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері: 

 шаруа қожалықтарын аралап, ауыл шаруашылығы жануарларына бақылауды ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; 

 интернет алаяқтық пен мүлікке қарсы қылмыстардың алдын алады; 

 заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтау бағытында жұмыстар жүргізеді; 

 полиция органдарында есепте тұрған тұлғалар мен кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерлерін тексереді; 

 отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын алып, олардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізеді; 

 қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша тұрғындармен түсіндіру кездесулерін өткізеді. Қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет. Әрбір азамат құқықтық тәртіпті сақтап, өз отбасы мен мүлкінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!

Аудандық полиция бөлімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT