Заң – бұл қоғамда өмір сүру тәртібін реттейтін ереже. Сол себепті заң мен тәртіпке барлық адам бағынуға тиіс.
Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – әр адамның басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында – заң мен тәртіпті сақтау туралы нақты баптар бар. Әрбір азамат заңды сақтау үшін қолынан келгенше жауапкершілікпен әрекет етуі қажет. Жалпы адамдар бейбіт, тыныш өмір сүргісі келеді. Сондықтан оларға бір-бірімен ұрсысуға, құрметтемеуге немесе ауыр сөздер айтуға болмайды. Өйткені мұның барлығы заң бұзушылыққа алып келетін әрекеттер. Сол үшін заң мен тәртіп қатаң сақталуы тиіс.
Жолдас САПИЕВ,
ішкі істер саласының ардагері




