Табиғатт– адамзатқа берілген баға жетпес байлық. Оны аялау, қорғау және келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу – баршамыздың қасиетті борышымыз. Ауылдың тазалығы мен көркеюі әр тұрғынның туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Ауылдың ақсақалдары мен үлкендері табиғатты қорғау – ата-бабадан келе жатқан аманат екенін жиі айтып отырады.
Олар: «Жер – ана, су – тіршілік көзі. Табиғатқа жанашырлық танытқан адам өз болашағын қорғайды», – деп кейінгі ұрпаққа өнегелі өсиет қалдырады. Әрбір талды сындырмай, әр бұлақты ластамай, туған жердің әрбір уыс топырағын қадірлеу – елге деген құрметтің белгісі. Үлкендердің айтуынша, ауылдың тазалығы тек сенбілікпен шектелмейді. Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстап, қоқысты бей-берекет тастамай, табиғатты қорғауға күнделікті үлес қосуы керек. Осындай қарапайым істер арқылы балалар да тазалыққа, еңбекқорлыққа және туған жерді сүюге тәрбиеленеді. «Таза ауыл – жарқын болашақ» қағидасы – баршамызға ортақ ұстаным болуы тиіс. Табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Сондықтан ауыл тұрғындары бірлік пен ынтымақты сақтап, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысса, ауылымыздың көркі артып, болашағы жарқын болмақ.
Өтеғали ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ,
Тайсойған ауылдық қоғамдастық кеңесінің ҚАСИЕТТІ



