Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қаланың бас полицейі тұрғындармен кездесті

Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдар Демегенұлы Қасанов №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге тұрғындармен кездесті.

 Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік, жол қозғалысы, құқықтық тәртіп және абаттандыру мәселелері талқыланып, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді.

 Сонымен қатар, аумақты аралау барысында учаскелік полиция инспекторларының жұмысы зерделеніп, абаттандыру қағидаларын бұзу және заңды құжаттары жоқ шетел азаматтарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

 Анықталған деректер бойынша учаскелік инспекторларға заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT