«Таза Қазақстан» қағидатының табысты болуы мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестікке тікелей байланысты. Мемлекет заң талаптарын орындауды қадағалауы, экологиялық жобаларды қаржыландыруы, қайта өңдеу индустриясын дамытуы тиіс.
Ал қоғам экологиялық нормаларды сақтауы, бейжайлықтан арылуы, жергілікті бастамаларға белсенді қатысуы қажет.



