Мемлекет басшысының бастамасымен қолған алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында республика көлемінде елді мекендерді абаттандыру, ағаш отырғызу, өзен-көлдердің жағалауларын тазарту, заңсыз қоқыс орындарын жою және қалдықтарды сұрыптау жұмыстарын дамыту жүйелі түрде жүргізілуде.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға мемлекеттік органдармен қатар еріктілер, жастар ұйымдары, кәсіпкерлер мен тұрғындар белсенді қатысып келеді. «Таза Қазақстан» бастамасының басты ерекшелігі – әр азаматтың қоршаған ортаға деген жеке жауапкершілігін қалыптастыру. Табиғатты қорғау тек мемлекеттік мекемелердің міндеті емес. Әрбір тұрғын көшені таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаш отырғызу, су мен табиғи ресурстарды үнемді пайдалану арқылы туған жердің көркеюіне өз үлесін қоса алады.
Алшын ОМАРОВ,
«Сарқұмақ» шаруа қожалығының төрағасы




