Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Ішімдіксіз ауыл – қауіпсіз қоғам»

Осындай тақырыпта 15–19 маусым аралығында Көздіғара ауылдық округінде жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасын жүргізу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Шара барысында, полиция қызметкерлері ауылдық елді мекендерде профилактикалық рейдтік жұмыстар жүргізіп, тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы тексеріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар жүзеге асырылды. Көздіғара ауылдық округінің тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Нұрсәуле Жауынбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT