Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӨҢІРДІҢ МӘДЕНИ ДЕҢГЕЙIН КӨРСЕТЕДI

 Халқымызда «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөз бар. Алайда сол байлықты сақтау үшін алдымен тазалықтың қажеттігін естен шығарып аламыз. Тазалық әр адамның өзінен, әр үйдің ауласынан, әр көшенің бойынан, әр мекеменің айналасынан, әр ауылдың маңайынан басталуы керек.

«Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында аудандағы барлық ауылдық округтерде көріктендіру, абаттандыру мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әр апта сайын ұйымдастырылатын сенбілікте ауыл іші мен айналасы тазаланады.

 Бұл ретте аудан халқы өз ауласы ішінде тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, ұйымдастырылып жатқан сенбіліктерге қатысса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені кез келген ауылдың тазалық көрсеткiшi сол өңір тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi.

Тілек ЖӘРДЕМҒАЛИЕВ,

аудандық архив филиалының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT