Интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидалары – азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Алаяқтар түрлі жалған ұсыныстар мен жоғары табысқа кенелу туралы уәделер арқылы тұрғындардың сеніміне кіріп, олардың қаражатын иемденуге тырысады.
Сондықтан әрбір азамат қаржылық сауаттылықты арттырып, интернеттегі ақпаратқа сақтықпен қарауы қажет.
Әсіресе, қысқа мерзімде мол пайда табуға уәде беретін ұсыныстарға сенбей, олардың заңдылығы мен сенімділігін мұқият тексерген жөн. Бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, құпиясөздер мен SMS арқылы келген растау кодтарын беруге болмайды.
Қаржылық қауіпсіздікті сақтау – әр адамның өз жауапкершілігі. Күмәнді сілтемелерге өтпей, тек ресми ақпарат көздерін пайдалану және кез келген қаржылық шешімді асықпай қабылдау алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі.
Есте сақтаңыз: оңай табыс туралы уәде – қаржылық тәуекелдің белгісі болуы мүмкін.




