Қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ міндеті. Интернет алаяқтарынан сақ болған жөн.
Осы мақсатта таяуда Қаракөл ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ғаламат Алданбаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндіріліп, белгісіз тұлғаларға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алу кезінде сақ болу қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ тұрғындарға жалған туристік турлар мен жеңіл табыс ұсынатын күмәнді жарнамаларға сенбеу, кез келген қызмет пен тауардың шынайылығына көз жеткізбей ақша аудармау жөнінде кеңестер берілді. Түсіндіру жұмыстары барысында ақпараттық жадынамалар таратылып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Өз тілшіміз




