«Таза Қазақстан» акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен ықпал етуде. Ағаш отырғызу, аулаларды тазалау, өзен-көлдердің жағасын қоқыстан арылту сияқты игі істер табиғатты сақтауға нақты үлес қосады.
Мұндай шараларға жастардың белсенді қатысуы олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін нығайтады. Экологиялық мәдениетті бала кезден қалыптастырып, табиғатты қорғауды әр адамның өмірлік ұстанымына айналдыру қажет. Сонда ғана еліміздің келешегі көркейіп, таза әрі гүлденген мемлекетке айналады.
Қуандық Теңізов,
Қаракөл ауылының тұрғыны



