Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Есірткіге қарсы күрес – ортақ міндет

Елімізде есірткі қылмысының алдын алу, құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз өсірілуі мен таралуына тосқауыл қою мақсатында жыл сайын арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп келеді.

Биыл да Қазақстан Республикасы аумағында 1 шілде мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту, құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою, сондай-ақ қоғам арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Осы бағытта Қызылқоға аудандық полиция бөлімі қызметкерлері «Заң және тәртіп» қағидаты аясында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруда. Жүргізілген тексеру жұмыстары барысында Миялы ауылдық округінің батыс бөлігінен жабайы өскен марихуана тектес 611 түп есірткі өсімдігі анықталды. Аталған өсімдіктер полиция қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдерінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде заң талаптарына сәйкес толықтай жойылды.

Бұл – аудан аумағында есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты көрінісі. Есірткі мәселесі – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ мәселесі. Сондықтан әрбір азамат өз ауласына, елді мекеніне бейжай қарамай, күмәнді жағдайлар немесе заңсыз өсірілген есірткі өсімдіктері туралы ақпаратқа кезіккен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауы қажет. Қоғамның қауіпсіздігі мен жас ұрпақтың болашағы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты. Есірткіге қарсы күреске бірлесе атсалысу арқылы ғана біз салауатты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз.

өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT