Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕСЕПТЕГІ ТҰЛҒАЛАР БАҚЫЛАУДА

 Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында еліміз бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Есептегі тұлға» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатқаны белгілі.

Соған орай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жангелдин, Жасқайрат, Қарабау ауылдарындағы пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, оларға құқықтық тәртіпті сақтап, құқықбұзушылықтың алдын алу барысы түсіндірілді.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау, қайта қылмысқа жол бермеу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланудың зияны, интернет алаяқтықтарынан сақтану бойынша профилактикалық кеңес берілді. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – есептегі тұлғаларды қоғамға бейімдеп, құқық бұзушылықтың алдын алу және аудан аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT