Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«ЕСЕПТЕГІ ТҰЛҒА» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Қызылқоға ауданы аумағында 2026 жылғы 18-22 маусым аралығында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған тұлғаларды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Аталған шара барысында полиция қызметкерлері есептегі азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, профилактикалық әңгімелесулер өткізеді.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары күшейтіледі. Қызылқоға ауданы полиция бөлімі аудан тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

 #ҚызылқоғаАуданы #Полиция #ЕсептегіТұлға #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #ҚоғамдықҚауіпсіздік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT