Ерікті түрде қан тапсыру – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ізгі әрі жауапты іс.
Елде ерікті және тегін қан тапсыру мәдениетінің қалыптасуы азаматтардың бір-біріне деген жанашырлығы мен қоғамдық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді.
Қан доноры болу арқылы әр адам қиын жағдайға тап болған науқастарға, апаттан зардап шеккен жандарға және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарға үміт сыйлай алады. Сондықтан ерікті донорлық қозғалысты қолдау – адамгершілік пен ынтымақты нығайтудың маңызды жолы.
Мадина ҚАНАТҚАЛИЕВА




