Біздің еліміз таза табиғатымен, әсем қалаларымен және көрікті ауылдарымен ерекшеленуі керек. Ол үшін әрбір азамат туған жеріне жанашырлықпен қарауы қажет.
«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты қорғауға, айналамызды көркейтуге және жастарға үлгі көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды шара. Бір тал ексек те, бір көшені тазаласақ та, оның барлығы еліміз үшін жасалған игі іс. Қазақстанымыз әрдайым таза, көрікті және жасыл желекке бай болсын!




