Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР

 Табиғатымыздың тазалығын сақтап, қоршаған ортамыздың экологиясын жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының еліміз үшін маңыздылығы зор.

Бұл тек бір күндік немесе маусымдық сенбілік емес, қоғамда жаңа экологиялық мәдениет пен күнделікті азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды жалпыұлттық жоба. Бұл ретте тазалық үлкен қала немесе көшеден емес, әрбір отбасының өз ауласынан, үйінен және балаға көрсеткен өнегесінен басталуы қажет. Сонда ғана ауылымыз таза болып, экологиямыз жақсарады, табиғатымыз тазалығын сақтайды және болашақ ұрпаққа қауіпсіз әрі көркем мекен қалады.

Нұржан АҚҚАЛИ,

Қарабау ауылы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT