Аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен полиция қызметіне үміткерлерді тарту және кәсіби бағдар беру мақсатында халықты жұмыспен қамту қызметімен айналысатын аудандық Мансап орталығы және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшылығымен кездесулер өтті.
Ондағы мақсат аудан бойынша жұмыссыз есебінде тұрған азаматтар және әскери қызметін аяқтаған азаматтарды полиция қатарына тартуға, олардың кәсіби бағдарын айқындауға және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру. Елге қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен абырой.
Өз тілшіміз



