Осыдан екі жыл бұрын Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстанның» мұндай бір реттік сенбіліктен мәні де, ауқымы да әлдеқайда кең.
Оның басты мақсаты – белгілі бір аумақты бір күн тазалап қою емес, қоғамның қоршаған ортаға көзқарасын өзгертіп, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру. Осы тұрғыдан келгенде, бұрынғы сенбілік пен бүгінгі «Таза Қазақстанның» арасы жер мен көктей.
«Таза Қазақстан» қағидаттарының жаңа Конституцияда көрініс табуы да бастаманың мәнін айқындай түсті. Ата заңда табиғатқа ұқыпты қарау, қоршаған ортаны қорғау азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі ретінде белгіленді. Бұл тазалықты бір реттік науқан емес, күнделікті өмір салты мен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналдыруға үндейді.




