Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындаған маңызды құжаттардың бірі болды.
Президент заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік әділдікті нығайту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысының бастамалары халықтың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған. Әсіресе, «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстану – әділетті қоғам қалыптастырудың басты кепілі екені анық көрініс тапты. Президент көтерген міндеттерді жүзеге асыру – барша қазақстандыққа ортақ жауапкершілік. Бірлік пен еңбек арқылы ғана еліміздің тұрақты дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.
Еңсеген ӘБИ,
білім саласының ардагері




