Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның құқығы мен бостандығы анық белгіленген. Бұл құқықтарды сақтау – мемлекеттің де, азаматтардың да ортақ міндеті.
Полиция мен сот органдары заңның орындалуын қамтамасыз еткенмен, ең бастысы – әр адамның ішкі жауапкершілігі мен ар-ожданы. Заң мен тәртіпті сақтау – елдің дамуына, халықтың әл-ауқатына және болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруіне кепіл болады. Қоғамда әділдік үстемдік құрған кезде ғана адамдардың бір-біріне деген сенімі артады. Сенім орнаған жерде ынтымақ, татулық және бейбіт өмір болады.
Ершат АЙТБАЕВ,
аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капмтаны




