Кез келген мемлекеттің берік тірегі, қоғамның тыныштығы мен бірлігінің кепілі –«Заң мен тәртіп». Заң адамдардың құқығын қорғап қана қоймай, әділдік орнатып, әр азаматтың қауіпсіз өмір сүруіне мүмкіндік береді. Ал тәртіп адам бойындағы мәдениет пен жауапкершіліктің көрінісі.
Тәртіпті адам өзіне де, өзгеге де құрметпен қарайтыны сөзсіз.
Қоғамда заң талаптары сақталған жерде тұрақтылық пен сенім болады. Әрбір азамат жол ережесін сақтап, қоғамдық орындарда мәдениеттілік танытып, өз міндетіне жауапкершілікпен қараса – бұл елдің дамуына қосқан үлесі. Әрбір азамат заңға бағынып, тәртіп сақтауы, үлкенді құрметтеуі, адал болу сияқты қасиеттерді сіңіре білуі өте маңызды. Тәртіпсіздік пен немқұрайлылық қоғамға зиян келтіреді. Сондықтан әр адам өз ісіне жауап беріп, заң бұзушылыққа жол бермеуі керек.
Заң мен тәртіп – ел болашағының негізі. Тыныш әрі дамыған қоғам құру үшін әрқайсымыз заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана елімізде әділдік, татулық және береке орнайды.
Төлеген ӘБИЕВ,
аудандық полиция бөлімінің зейнеткері


