Экология – адамзаттың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, аумақтың тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті.
Табиғатты қорғау тек сенбілік өткізумен шектелмейді. Қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, су мен электр энергиясын үнемдеу, жасыл желекті күтіп-баптау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл бағытта «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының маңызы зор. Аталған бастама елді мекендердің тазалығын сақтап, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған.




