Мемлекет басшысының Түркия Республикасына сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Мұндай кездесулер сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, инвестиция тартуға, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл сапар Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыстың маңызын тағы бір мәрте айқындайды. Сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысуы ортақ тарихи тамыр мен рухани жақындыққа негізделген ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Екі ел арасындағы келіссөздердің нақты нәтижелері халықтар игілігіне қызмет етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін.
Тілек Қалиев, ардагер




