Заңды сақтау – құқықтық мемлекеттің, қоғамдық тұрақтылық пен әділеттіліктің басты шарты. Заң алдында барлық азамат тең құқылы, бұл қоғамдағы сенім мен тыныштықты сақтайды. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі.
Ал «Заң мен тәртіп» қағидаты тек мемлекеттік органдарға ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өміріне қатысты. Жол жүру ережелерін сақтаудан бастап, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге дейінгі әрекеттер өркениетті қоғамның белгісі болып табылады. Сондықтан заң мен тәртіпті нығайту – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік екендігін білген жөн.
Абай АСЫЛБЕКҰЛЫ,
аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция
тобының аға мемлекеттік авто инспекторы




