Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСАДЫ

 Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің негізі. Қоғамда әділдік орнап, азаматтардың құқықтары қорғалуы үшін әр адам заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауы тиіс.

Заң үстемдігі қалыптасқан елде тұрақтылық пен қауіпсіздік орнығады. Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін басты қағида, ал тәртіп – сол талаптарды күнделікті өмірде орындау. Сондықтан бұл екі ұғым өзара тығыз байланысты. Қазіргі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес және алаяқтықтан сақтану мәселелері өзекті. Бұл бағыттағы табысты жұмыс азаматтардың заңға деген құрметіне байланысты. Заңды құрметтеу – өз құқығыңды қорғау ғана емес, өзгенің құқығын сыйлау. Әр азамат тәртіпті нығайтуға үлес қосқанда ғана әділетті қоғам қалыптасады.

Роллан ҚУАНОВ,

Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT