Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӘДІЛДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Заң және тәртіп» қағидаты – Әділетті Қазақстан құрудың негізгі шарты. Бұл ретте заң – қоғамдағы қарым-қатынастарды реттейтін негізгі ереже.

Ол адамдардың құқықтарын қорғап, әділдікті қамтамасыз етеді. Егер заң сақталмаса, қоғамда тәртіпсіздік, келіспеушілік пен түрлі құқық бұзушылықтар көбейеді. Сондықтан заңды құрметтеген қоғамда адамдар бір-біріне сеніммен қарап, өзара сыйластықта өмір сүреді. Ал тәртіп – адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Тәртіпті адам қоғам ережелерін сақтап, өзгелердің құқығын құрметтейді.

Мектепте, жұмыста, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау – қоғамның дамуына оң әсер етеді. Бұл әсіресе жастар үшін өте маңызды. Өйткені жас ұрпақ заңға бағынуды ерте жастан үйренсе, болашақта жауапты әрі саналы азамат болып қалыптасады.

Асхат ЖҰМАБАЙҰЛЫ,

Мұқыр ауылы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT