Тазалық – әр адамның азаматтық жауапкершілігі мен мәдениетінің көрсеткіші. Таза аула, таза көше, таза табиғат – денсаулықтың, жайлы өмірдің және жарқын болашақтың кепілі.
Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, табиғатты қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткізілетін тазалық жұмыстары туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, қоғамда жауапкершілік пен бірлікті нығайтады. Әрбір отырғызылған ағаш, жиналған қоқыс, тазаланған аумақ – еліміздің көркеюіне қосылған үлес.
Тазалық – бір күндік науқан емес, ол – күнделікті өмір салты. Еліміздің көркейіп, табиғатымыздың таза болуы әрқайсымыздың жанашырлығымыз бен белсенділігімізге байланысты. Таза ел – дені сау ұлттың кепілі!
Ақбұрыш Қарақойшина,
Ойыл ауылының тұрғыны



