Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӘДЕБИЕТТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 Жақында Қарабау ауылдық кітапханасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын насихаттау мақсатында «Әділетке бастар жол» атты әдеби кеш өткізілді.

Шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, әділдік, адалдық және адамгершілік құндылықтары туралы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар әділдік пен адалдыққа қатысты нақыл сөздер айтып, «Ойлан, тап!» викторинасының сұрақтарына жауап беріп, білімдерін сынады.

Кеш соңында кітапхана қорындағы құқық, әділет және адам құқығы тақырыбындағы әдебиеттер таныстырылып, оқырмандарға оқуға ұсынылды. 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT