«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты — жай ғана табиғатты тазарту емес, азаматтар арасында жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл — бір реттік сенбілік емес, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауға бастайтын жол. Бұл ретте бүгінгі күні әр апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, ауылдың ажарын ашатын іс-шаралар атқарылып келеді.
Сайып келгенде, ауылдың тазалығы – өзіңнің, қала берді ұрпағыңның денсаулығының кепілі. Сондықтан ауылдағы әр тұрғын өздерінің ауласын таза ұстағаны жөн. Әр адам сенбілікке шығып, аз да болса өз үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілік арта түсері анық. Ауданымыздағы тазалыққа бағытталған бұл науқандық жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла атсалысу – әрбір ауыл тұрғынының міндеті.
Айбек САЙЛАУҰЛЫ,
кәсіпкер




