«Заң мен тәртіп» – әділетті қоғам мен тұрақты мемлекеттің басты қағидаты. Заңға бағыну, қоғамдық тәртіпті сақтау және әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – ел дамуының негізі.
Заң үстемдік құрған жерде қауіпсіздік, бірлік және сенім болады. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы тиіс. Құқық бұзушылыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлықпен күресу және қоғамдағы тәртіпті нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Заң мен тәртіпті сақтау – жарқын болашаққа бастар сенімді қадам. Тәртіпке бағынған елдің тұғыры биік, келешегі кемел болады.
Айбек Ерсін,
ішкі істер бөлімінің ардагері




