Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

«Таза Қазақстан» акциясы бүгінгі күні еліміз бойынша кең көлемде белең алып келеді. Өте қуанарлық жағдай. Бұл – өркениетті, мәдениетті, саналы адамдардың өзінің елінің, жерінің табиғатына жаны ашып, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға ұмтылып жатқанын көрсетеді. Олар экологиялық талаптарды сақтап, оны саналы түрде өмір салтына айналдырып келеді.

«Таза Қазақстан» науқанды жұмыс болмауы тиіс. Бұл күнделікті өмір дағдысына айналуы керек. Тазалықты әр адам өз үйінен, өз ауласынан, өзі тұратын көшеден бастауы қажет. Сонда ғана нәтиже болады. Таза ауа мен табиғатты қорғауды күнделікті әдетке айналдыру – ұлт денсаулығы мен болашақ ұрпақ үшін өте маңызды. Қоршаған ортаны сақтауға қосылатын үлес қарапайым қадамдардан басталады. Бұл болашақ ұрпағымыздың да бойына дарып, өз елінің болашағының гүлденіп, көркейіп, өркениетті елге айналуына өз үлестерін қосуы тиіс. Қорыта келгенде, тазалық ауылымыздың көркеюі ғана емес, еліміздің экологиясы, мәдениеті, өркениетті ел жолындағы халықтық үрдіс екендігін айтуға болады. Асқар ЕСЕНҒАЛИ,

Мұқыр ауылының тұрғыны, зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT