«Жасыл ел» еңбек жасағының жастары Лесхоз демалыс орнында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы. Жастардың белсенділігі мен жанашырлығының арқасында демалыс орнының аумағы көркейіп, таза кейіпке енді. Мұндай игі шаралар қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да үлкен үлес қосады. Табиғатты таза ұстау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Сондықтан әрбір тұрғын қоршаған ортаны ластамай, тазалықты сақтауға атсалысуы қажет.
Таза табиғат – денсаулықтың, жайлы өмірдің және көркем келешектің кепілі. Бірлескен еңбектің нәтижесінде туған өлкеміз одан әрі көркейіп, жасыл желекке бөлене түседі. «Жасыл ел» жастарының бұл бастамасы көпшілікке үлгі болып, табиғатты қорғау ісіне серпін береді.
Ризабек Амантаев,
аудандык жастар ресурстық орталығының басшысы



