Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз!» акциясы өткізілуде

 Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері отбасын қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз!» ақпараттық акциясы аясында профилактикалық есепте тұрған азаматтармен кездесті.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын сақтау және қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.

Мақсат – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және полиция мен тұрғындар арасындағы өзара сенімді нығайту. 

Н.ЖАУЫНБАЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT