Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Білім саласы – ел болашағының негізі

Конституцияда білім алу құқығына ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабына сәйкес, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі, ал орта білім алу міндетті болып табылады. Бұл – әрбір баланың сапалы білім алып, болашағын қалыптастыруына жол ашатын маңызды қағида.

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бүгінгі таңда білім беру саласын дамыту, мұғалім мәртебесін көтеру, жас ұрпаққа заманауи білім мен саналы тәрбие беру – ел дамуының басты бағыттарының бірі. Өйткені білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қана мемлекеттің жарқын болашағын қалыптастыра алады.
Сондықтан Конституцияда бекітілген білім алу құқығын жүзеге асыруға барынша жағдай жасауымыз қажет. Әрбір баланың сапалы білімге қол жеткізуі – Әділетті Қазақстанның маңызды көрсеткіштерінің бірі деп есептеймін.

Күлайра Башимова, 
Білім беру саласының ардагері

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT