Жаңа Конституция жобасында білім саласын дамытуға ерекше мән берілгені көңіл қуантады. Себебі білім – кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің басты негізі.
Әрбір азаматтың сапалы білім алуына жағдай жасау, жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру – қоғамның болашағы үшін маңызды қадам. Конституцияда білім беру жүйесін жетілдіру, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру және олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау мәселелері қамтылған. Бұл – жас ұрпақтың білімді, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына жол ашады. Білімді ұрпақ – елдің тұрақты дамуының кепілі.
Раушан Жұмағалиева,
мұғалім


