«ЗАҢ мен ТӘРТІП» қағидаты — тыныш әрі берекелі өмірдің кепілі. Әр адам заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтаса, еліміздің болашағы да жарқын болады.
Отбасы — әр адамның қорғаны, жылулық пен мейірім ордасы. Сондықтан әр шаңырақта сыйластық, түсіністік пен қауіпсіздік болуы керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу — баршамыздың ортақ міндетіміз. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі мен болашағы — қоғам назарындағы басты мәселе. Бір-бірімізге құрметпен қарап, мейірімділік пен адамгершілікті жоғары қоя білсек, қауіпсіз әрі бақытты қоғам қалыптастырамыз.
Жеткізген Аманжолов,
аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры



