Экологиялық мәдениет – өркениетті қоғамның ажырамас бөлігі. Тазалықты сақтау тек арнайы күндермен шектелмеуі керек, ол күнделікті дағдыға айналуы тиіс.
Әр азамат өз ауласын, көшесін, жұмыс орнын таза ұстауға жауапты болса, жалпы экологиялық жағдай да жақсара түседі. Әрбір тұрғын туған жерінің көркеюіне бейжай қарамай, тазалықты сақтауға үлес қосса, қоршаған ортамыздың болашағы жарқын болмақ.
Сондықтан өз ауламызды, көшемізді таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлық танытып, елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенділікпен атсалысайық.
Берік БЕЙІСОВ,
Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияның директоры




