Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«БЕКІРЕ-2026»: КҮЗГІ МАУСЫМДА ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

 Атырау облысы аумағында *10 қыркүйек-31 қазан* күндері аралығында «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің ҚҚБ УПИ-ы полиция аға лейтенант А.Байжанов, Қызылқоға АПБ ҚҚБ УПИ-ы полиция капитаны Е.Айтбаев күзгі балық аулау маусымында табиғи ресурстарды қорғау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
 Рейдтік іс-шаралар барысында су айдындарында балық аулау талаптарының сақталуы, заңсыз аулау және табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Рейдтік барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталып Ойыл өзені жағасында балық аулау қағидаларын бұзған азаматқа 383 бап 1 бөлігімен хаттама жасақталды.
Тұрғындарға белгіленген талаптарды сақтау және заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тас жолдарда автокөліктер тоқтатылып тексеру жұмыстары жүргізілді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT