Биыл жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның 30-бабы толықтай «Неке және отбасы» құндылықтарын құқықтық қорғауға бағытталған.
Аталмыш баптағы «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады» деген бірінші тармақ мемлекетке үлкен міндеттемелер жүктейді.
Сондай-ақ бұл бапта бала тәрбиесі – ата-ананың тек міндеті емес, «етене құқығы» деп танылса, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндеті де шегелеп көрсетілген. Бұл норма отбасы институтындағы ішкі жауапкершілікті арттыруға, жетімдер мен жалғызбасты қарттар мәселесін заң деңгейінде реттеуге көмектесетін пәрменді қадам.
Сайып келгенде бұл бап елдегі отбасы институтын сақтаудың, демографиялық өсімді қолдаудың және ұлттық тәрбиені заңдық тұрғыдан мығымдаудың басты құқықтық кепілі ретінде қабылданып отыр.
Гүлзира ЖҰМАЛИЕВА,
аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы




