Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БАСТЫ БАҒЫТ – БІЛІМДІ ДАМЫТУ

Жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі білім мен ғылым, мәдениет пен инновация болып айқындалған. Бұл бағыттарды белгілеу кездейсоқ емес. Себебі, бұл еліміздің одан әрі дамуы үшін аса қажет.

Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияда адами капиталды дамытуға басымдық беру –дамыған елдер қатарынан өз орнын алуға зор мүмкіндік. Ғылымның дамуы технологиялық серпіліске қуатты түрткі береді, жаңа нарықтар қалыптастырады, капитал тартады, тиісінше халықтың жалпы әл-ауқатын арттырады. Бұдан бөлек, бұл мемлекеттің адамдарға үнемі инвестиция салып, ғылым мен білім беру жүйесін дамытып, ұлт сапасын тұрақты түрде көтеруге ниетті екенін көрсетеді. Сондай-ақ ғылымды дамыту мен инновация рухына жасалған екпіннің белгілі бір философиялық мәні бар екенін атап өткен жөн: бұл ұлттың жекелеген элементтерге байланып қалмай, жаңа оң өзгерістерге дайын болу ниетін білдіреді. Бұдан өзге, жаңа жобада әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша назар аударылған. Діннің мемлекеттен бөліну қағидаты бекітіледі. Рухани және діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипаты белгіленеді. Сонымен бірге, некенің ерікті және ер мен әйелдің тең құқықты одағы екені жөніндегі норма енгізіледі. Мұндай тәсіл әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және дәстүрлі құндылықтарды қорғауға бағытталған.

Айзада ШОЙЫНБАЙҚЫЗЫ,

 педагог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT