«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында кеңінен жүзеге асырылып келеді.
Ауыл тұрғындары мен жастар бұл бастамаға белсене қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Мұндай игі істер туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттырады.
«Таза Қазақстан» – тек бір реттік акция емес, ол – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды экологиялық қозғалыс.
Сымбат Ғазим,
белсенді жас



