«Балалар қауіпсіздігі» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы аясында Тайсойған ауылында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге жолдың жүру бөлігі мен автокөлік жолдарында ойнауға болмайтыны, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көшені тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Қызылқоға ауданы полиция бөлімі



