Экологиялық сана ересек кезде ғана емес, бала кезден қалыптасады. Баланың қоқысты жерге тастамауы, табиғатты бүлдірмеуі, жан-жануарға жанашырлық танытуы – көрген тәрбиесінің айнасы.
Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасының ұзақ мерзімді нәтижесі мектептегі, отбасындағы экологиялық біліммен тікелей байланысты.
Экология – бір реттік акция емес, өмір салты
Табиғатты қорғау сенбіліктен сенбілікке дейінгі аралықта ұмытылып кететін іс болмауы тиіс. Экология – күнделікті шешімдерден, қарапайым әдеттерден, жеке жауапкершіліктен тұратын үздіксіз процесс.
Н.Ж



